08 маусым 2020 | 19:32

Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталды - ІІМ

Фото: Tengrinews.kz

Заңсыз митингілерді ұйымдастырмақшы болғаны үшін 53 адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Заңсыз митингілерді ұйымдастырмақшы болғаны үшін 53 адам ұсталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Карантин режимін қатаң сақтау талабына қарамастан 6 маусымда Қазақстанның кейбір қалаларында адамдар заңсыз митингілер өткізбекші болды. Прокуратура мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері олардың әрекеттері заңсыз екенін түсіндірді. Алайда кейбір азаматтар заң талаптарын орындаған жоқ", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қабылдаған.

"Карантиндік шектеулер мен заң талаптарын орындаудан бас тартқаннан кейін заңды бұзғандар профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін полицияға жеткізілді. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Заңсыз митингілер кезінде 53 адам ұсталған.

"Полицияға 53 адам жеткізілді. 8 адамға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың жетеуіне айыппұл салынды, біреуіне ескерту жасалды. 2 құқық бұзушыға қатысты мемлекеттік қызметкерді қорлағаны және күш қолданғаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қалғаны профилактикалық әңгімелесуден кейін босатылды ", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 6 маусымда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында заңсыз митингілер өткен болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная