29 маусым 2023 | 15:15

Заңсыз шығарылған активтерді анықтау. Бас прокуратура қандай әдістерді қолданады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов ведомство Қазақстаннан ұрланған активтерді қалай анықтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов ведомство Қазақстаннан ұрланған активтерді қалай анықтайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат кулуарында журналистер Бас прокурордың орынбасарынан ведомство елден заңсыз әкетілген активтерді қалай білетінін және мұндай істердің қаншасы әзірленіп жатқанын сұрады.

"Қаншасы әзірленіп жатқанын айтпаймын. Жұмысымыздың кейбір қыр-сырын білудің қажеті жоқ", - деп жауап берді Ұлан Байжанов.

Реклама
Реклама

Бұл ретте ол бірінші кезеңде Бас прокуратура барлық ашық ақпаратты жинайтынын қосты.

"Бірінші кезеңде қолда бар барлық ашық ақпарат жиналатыны анық. Жедел-іздестіру сипатындағы аналитикалық жазбалар, анықтамалар мен әзірлемелер бар, сұрау салулар бар, азаматтар ақпараты, өтініштер, баспа материалдары бар. Бұлардың барлығы қолданылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар өздерінің тікелей функциялары аясында, соның ішінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру аясында белгілі бір заңбұзушылықтарға тап болған кезде бізге беретін материалдар бар", - деп түсіндірді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная