Жақсыбеков азаматтардың әрбір өтініш-шағымына есеп беруді талап етті

Жақсыбеков азаматтардың әрбір өтініш-шағымына есеп беруді талап етті © Аstana.gov.kz

Бүгін Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің төрағалымен өткен кезекті аппарат отырысы барысында бірқатар маңызды мәселелер талқыланды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысты аша отырып Әділбек Жақсыбеков елордалық тұрғындардың өтініштері мен шағымдарына жедел жауап беру мәселелерін қозғады.

"Биылғы 18 ақпанда өткен әкімнің халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша 186 ауызша және жазбаша өтініш түскен. Соның ішінде 38 орындалу уақыты 2017 жылға дейін, 62 өтініш толық шешілген, 86 өтінішке түсіндірме берілді", - деп жазылған қала әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Жарнама
Жарнама

Елорда әкімі кезекті есеп беру кездесуіне қазірден бастап дайындалу керектігін айтты. "Қазірден бастап қала тұрғындарына есеп беру кездесуіне дайындалу керек. Біз тұрғындардың шешілмеген мәселелерін қарауымыз қажет", - деді Әділбек Жақсыбеков.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама