Жақсыбеков өз туған күнінде Мәсімовпен бірге жүгірді

© Facebook/rakhimbaev

?аза?станды? к?сіпкер Айдын Рахымбаев елордада?ы саяба?тарды? бірінде ж?гіріп ж?рген кезде ?Р Президенті ?кімшілігіні? басшысы ?ділбек Жа?сыбеков пен ?Р ?лтты? ?ауіпсіздік комитетіні? т?ра?асы К?рім М?сімовті ?алай кездестіріп ?ал?анын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаев елордадағы саябақтардың бірінде жүгіріп жүрген кезде ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовті қалай кездестіріп қалғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкердің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған суреттерден Қазақстан Даму банкі басқармасының төрағасы Болат Жәмішев пен  Әділбек Жақсыбековтің ұлы Дәурен Жақсыбекті көруге болады.

Реклама
Реклама

Ресми мәліметтерге сүйенсек, бүгін Әділбек Жақсыбеков 63 жасқа толып отыр.

Әділбек Жақсыбеков Астана қаласының әкімі, Индустрия және сауда министрі, Ресейдегі Қазақстан елшісі, қорғаныс министрі және мемлекеттік хатшы қызметтерін атқарды. 

Ал 2016 жылдың 21 маусымынан бастап Әділбек Жақсыбеков Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қызмет етеді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Президенті Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігін 2022 жылға дейін ұзартқан болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама