Зауытбек Тұрысбеков "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды

Зауытбек Тұрысбеков. © nurotan.kz

28 желтоқсанда Зауытбек Тұрысбеков "Нұр Отан" партиясының хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі партияның сайтына сілтеме жасап.

Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков Қазақ химия-технологиялық институтын инженер-химик-технолог мамандығы бойынша тәмамдаған. Жоғары партия мектебін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, профессор. Әр жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, ҚР Көші-қон және демография жөніндегі агенттігінің төрағасы, ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы, Ішкі істер министрі қызметтерін атқарған.

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды. Тағайындауға дейін З.Тұрысбеков Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін және Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама