Зайсанда адам өлтіруге оқталды деген екі күдікті ұсталды

Зайсанда адам өлтіруге оқталды деген екі күдікті ұсталды Әлеуметтік желілерден алынған фото

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында атыс болды. Белгісіз екі адам жігітке оқ атып, бой тасаламақ болған. Tengrinews.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын өңірлік Полиция департаментінен білді.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласында атыс болды. Белгісіз екі адам жігітке оқ атып, бой тасаламақ болған. Tengrinews.kz редакциясы оқиғаның мән-жайын өңірлік Полиция департаментінен білді.

Не болды?

Қаладағы атыс туралы ақпарат бастапқыда әлеуметтік желілерде тарады. Түнде Зайсанда белгісіз біреулердің 2005 жылы туған жігітті арқасынан жаралағаны хабарланды. Паблик мәліметінше, зардап шегуші шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Реклама
Реклама

Шабуыл жасағандар оқиға орнынан автокөлікпен қашып кеткені, бірақ кейін оларды полиция құрықтағаны айтылды.

Полиция не дейді?

Шығыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті екі күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

"Адам өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті анықталып, ізін суытпай ұсталды. Қару тәркіленді. Қазіргі уақытта олар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын қосып айтты. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама