Іздеуде жүрген қазақстандық Сауд Арабиясынан экстрадицияланды

видео кадры

Алаяқтық жасады деген күдікті Сауд Арабиясынан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Алаяқтық жасады деген күдікті Сауд Арабиясынан Қазақстанға экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және ІІМ Интерпол қызметкерлері Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстанның елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясынан алаяқтық және атқарушылық құжатты орындамау бойынша қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

"Күдікті 2018-2023 жылдар аралығында алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы Алматыда жәбірленушілердің 19 миллион теңге сомасындағы ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденген.

Сонымен қатар, ол ұзақ уақыт бойы алматылық коммерциялық компанияның 82 миллион теңге сомасына алдын ала төленген тауарды жеткізу бойынша міндеттемелерін орындаудан жалтарған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жасырынуына байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған.

"Биыл ол Сауд Арабиясы аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды".

Тағылған қылмыстар үшін мүлкін тәркілеумен бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама