Желіде қасқырды көлікпен басып, қинағандар жайлы видео пайда болды

Желіде қасқырды көлікпен басып, қинағандар жайлы видео пайда болды © Видео кадры

Желіде қасқырды көлікпен басып, қинағандар жайлы видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

WhatsApp мессенджері арқылы редакциямызға жолданған видеода бірнеше ер адамның ашық далада қасқырды ұстағаны бейнеленген. Бастапқыда олар жыртқыш аңды көлікпен басып, кейін басынан тепкілеп, ұрғылайды. Видеоның аяқ жағында ер адамдар қасқырды байлауға кіріседі. Оқиғаның қалай аяқталғаны жайлы мәлімет жоқ. Роликке қатысты жазылған пікірлердің арасында оқиғаның Ақтөбе облысында болғаны айтылады. 

Жарнама
Жарнама

Еске салайық, бұған дейін осыған ұқсас оқиға болып, қазнет қолданушылары жыртқыш аңға көрсетілген қатыгездік әрекеттеріне наразылық танытқан еді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама