Желіде жыртылған хаттама суреттері пайда болды: ҚР ІІМ ӘПК тексеріс жүргізіп жатыр

Желіде жыртылған хаттама суреттері пайда болды: ҚР ІІМ ӘПК тексеріс жүргізіп жатыр © Facebook

?Р ІІМ ?кімшілік полиция комитеті ?о?ыс?а ла?тырыл?ан делінген ?кімшілік айыпп?лдар туралы хаттамаларды? жыртыл?ан суреттерін тексеріп жатыр. Б?л туралы ведомствоны? ресми ?кілі Ирина Лукьянина Facebook желісіндегі пара?шасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті қоқысқа лақтырылған делінген әкімшілік айыппұлдар туралы хаттамалардың жыртылған суреттерін тексеріп жатыр. Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Ирина Лукьянина Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автордың айтуынша, ол бұл хаттамаларды қоқыс жәшіктерінің маңынан тапқан. Суреттер Желіде бүгін пайда болды.

Жарнама
Жарнама

ІІМ Әкімшілік полиция комитетіндегілер бұл мәліметтің тексеріліп жатқанын айтты.

"Материалдар ІІМ Өзіндік қауіпсіздік департаментіне жолданады. Автордан ішкі істер органдарына ресми түрде өтініш жазуын сұраймыз. Сондай-ақ, осыған қатысты мәліметті ІІМ-нің "1402" сенім телефонына немесе ҚР Әкімшілік полиция комитетінің Facebook желісіндегі парақшаларына хабарлауға болады", - деді Лукьянина.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама