"Зенит" зымыран кешені Қазақстанның иелігіне өтеді

"Зенит" зымыран кешені Қазақстанның иелігіне өтеді ©polit.ru

2015 жылы "Зенит-М" зымыран кешені Қазақстанның иелігіне өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаевқа сілтеме жасап.

"Бүгінде "Зенит-М" ғарыштық зымыран кешенінің бірқатар нысандары анықталып, арнайы тізім жасалды. Оның барлығы Ресей Федерациясының қарағынан шығарылатын болады. Бұдан бөлек,  қазақстандық ұйымның "Бәйтерек" кешенін басқаруына қажетті техникалық-нормативтік құжаттар даяр. "Зенит-М" зымыран кешенін Ресей Федерациясының жалға алып отырған нысандардың қатарынан шығарып, Қазақстанға тапсыру жұмысы 2015 жылға белгіленіп отыр", - деді бүгін Мұсабаев Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында. 

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы желтоқсан айында 50-ге жуық қазақстандық маман арнайы дайындықтарын аяқтайды. Қазір олар "Зенит" кешенінің агрегаттары мен жүйелерін пайдалануды меңгеріп жүр.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама