"Зерде" холдингінің жаңа басқарма төрағасы тағайындалды

© primeminister.kz

Ерлан Дүрмағамбетов "Зерде" холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

Ерлан Дүрмағамбетов "Зерде" холдингінің басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

Директорлар кеңесінің шешімімен Ерлан Дмитрийұлы Дүрмағамбетов "Зерде" ұлттық инфокоммуникация холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ерлан Дүрмағамбетов 1971 жылы Қарағандыда дүниеге келген. 1994 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік электр техникалық университетінде (РФ) білім алған, 1999 жылы Айова штатының ғылым және техника университетін (АҚШ) тәмамдаған, 2018 жылы - Крэнфилд университетін (Ұлыбритания) оқып бітірген. Іскерлік әкімшілендіру докторы.

Реклама
Реклама

Еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары корпоративтік секторда, соның ішінде Oracle Nederland BV өкілдігінде, "Делойт и Туш" ЖШС, "Скала Казахстан" ЖШС жұмыс істеген.

2006-2007 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйелерін ақпараттандыру орталығы" РМК-да басшылық лауазымдарды атқарған. 2007-2010 жылдары - ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары.  2010 жылдан бастап қазіргі таңға дейін "Қазақтелеком" АҚ басқарушы директоры қызметін атқарған.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама