"Жерді қытайлықтар басып алды" деген іс: Астана тұрғыны жалған ақпарат таратқаны үшін сотталды

видеодан үзінді

Астана ?аласыны? Сарыар?а ауданды? № 2 сотында Айдын Егеубаевты? ісі бойынша сот ?кімі шы?ты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? сот баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Астана қаласының Сарыарқа аудандық № 2 сотында Айдын Егеубаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгін Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында А.К.Егеубаевқа қатысты үкім шығарылды. Ол ҚР ҚК 130-бабы 3-бөлігі ("Жала жабу") бойынша кінәлі деп танылды және оған 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 2016 жылы 30 шілдеде А.К.Егеубаев ҚР Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы атына, 2016 жылы 21 қазанда ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрінің атына, Н.Н.Биядиловтың және "Бәтуа" ЖШС заңды тұлғасының абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын, іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жала жабу сипатында хат жазған.

Реклама
Реклама

2016 жылы 13 шілдеде қазақстандық БАҚ "Нұр Отанның" белсендісі қытайлықтар Қазақстан жерін иеленіп алғанын растайды" атты мақала шыққан болатын.

Сонымен қатар, Егеубаев Youtube желісінде өз үндеуін жариялаған болатын. Осы іс бойынша сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Осы жағдайға байланысты Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шығыс Қазақстан облысында әкім болып тұрған кезінде қытайлықтарға жер сатты деп әлеуметтік желіде ақпарат таратқан азаматты сотқа беретіндігін мәлімдеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама