Жетісулық ардагерлер Астанаға аттанды

Астана т?рінде ?тіп жат?ан ЕХРО-2017 к?рмені тамашалау?а жетісулы? ардагерлер аттанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Астана төрінде өтіп жатқан ЕХРО-2017 көрмені тамашалауға жетісулық ардагерлер аттанды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қазыналы қарияларға Талдықорған қаласының әкімі Бағдат Қарасаев ақ жол тілеп, жолға шығарып салды. Алматы облыстық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт пен Мұрат Халық қала әкімдігінің және бірқатар демеушілік көрсеткен азаматқа зор алғыстарын білдірді.

Сарыарқа төрінде өтіп жатқан шараны тамашалауға бара жатқан ата-әжейлер сапардан келісімен жас ұрпақпен кездесу ұйымдастыратындарын айтты.

Реклама
Реклама

Астанаға сапар шеккен жиырма бес ардагермен бірге бір жетекші маман, бір медицина қызметкері және видео-оператор жолға шықты.         

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама