21 ақпан 2019 13:50

Зейін Әліпбек ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды

Сурет ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметінен

Танымал қазақстандық журналист Зейін Әліпбек Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық журналист Зейін Әліпбек Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап. 

Зейін Әліпбеков 1973 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетін тәмамдаған. 

Реклама
Реклама

Танымал қазақстандық журналист түрлі жылдары "Жеті күн" ақпараттық-аналитикалық бағдарламасының жүргізушісі және шеф-редакторы, "Бетпе-бет" және "Yкімет пен әлеумет" бағдарламаларының шығарушы редакторы, "Хабар" агенттігі" АҚ "Хабар" телеарнасының ақпараттық-аналитикалық бағдарламалар дирекциясының директоры, "Хабар" агенттігі" АҚ "Білім және Мәдениет" телеарнасы директорының орынбасары, "Астана ақшамы" газетінің редакциясы" ЖШС бас редакторы-директор орынбасары, "Елорда ақпарат" ЖШС директорының кеңесшісі, ҚР вице-премьер министрі - ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі, А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының бас директорының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантының, "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл" мерейтойлық медалінің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдениет қайраткері" төсбелгісінің иегері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram