10 желтоқсан 2020 | 11:40

Зейнетақы жинағы бөлігін алудың ережелері талқылауға шығарылды

© Тұрар Қазанғапов

Зейнетақы жинағы бөлігін алудың ережелері талқылауға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Зейнетақы жинағы бөлігін алудың ережелері талқылауға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талқылау 2020 жылдың 22 желтоқсанына дейін жалғасады.

Реклама
Реклама

Егер сізде осы мәселе бойынша сұрақтарыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, оларды мына сілтеме арқылы қоя аласыз.

Заң жобасына сәйкес, келесі жағдайларда шектен тыс ақша алуға болады:

1) тұрғын үй сатып алу, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау арқылы сатып алу;

2) сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті ішінара/толық өтеу;

3) жеке тұрғын үй құрылысы немесе жер учаскесін сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық);

4) екінші деңгейдегі банктерден, ипотекалық ұйымдардан тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау, жеке тұрғын үй салу және (немесе) жер учаскесін сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу.

5) алдын ала тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, банктен тұрғын үй сатып алуға тұрғын үй қарызын алу мақсатында, оның ішінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында сатып алу құқығымен жалдау, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, тұрғын үйді айырбастау, жеке тұрғын үй салу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық  үшін бар жер учаскесін сатып алуды қоса алғанда) мақсатында, сондай-ақ ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша салымды толықтыру.

Бір банктік қарыз шарты шеңберінде алдын ала тұрғын үй қарызын, аралық тұрғын үй қарызын, тұрғын үй сатып алуға және оған жөндеу жүргізуге тұрғын үй қарызын беруді жүзеге асыруға жол беріледі.

6) тұрғын үй сатып алуға, оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты ресімдеу, сатып алу құқығымен жалға алу, жекешелендіру, бөліп-бөліп төлеу, жеке тұрғын үй салу және (немесе) жер учаскесін сатып алу (нысаналы мақсаты – жеке тұрғын үй құрылысы немесе жеке қосалқы шаруашылық) жолымен, сондай-ақ осы тармақшада көзделген мақсаттарға бұрын алынған ипотекалық тұрғын үй қарызын қайта қаржыландыру мақсаттарына алынған ипотекалық тұрғын үй қарызы, алдын ала тұрғын үй қарызы, аралық тұрғын үй қарызы, тұрғын үй қарызы бойынша берешекті ішінара/толық өтеу;

7) алушының жұбайына (зайыбына), алушының жақын туыстарына, оларға тиесілі біржолғы зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін басқаға беру. Бұл жағдайда алушының жұбайының (зайыбының), алушының жақын туыстарының зейнетақы төлемдері алушының арнайы шотына есептеледі, ол осы тармақтың 1 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларда көзделген мақсаттарға ғана пайдаланылады.

Құжаттың толық нұсқасымен мына жерден таныса аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная