16 шілде 2021 | 10:57

Зейнетақы жинағын ала алмаған алматылық Цойға шағымын айтты

Фото: газета.ру

Алматы тұрғыны Сабина Войтицкая зейнетақы жинағын тісін емдету үшін ала алмағанын айтып шағымданды. Тұрғын наразылығын денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың блогында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Сабина Войтицкая зейнетақы жинағын тісін емдету үшін ала алмағанын айтып шағымданды. Тұрғын наразылығын денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың блогында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

32 жастағы тұрғынның айтуынша, ол ортодонтия желісі бойынша ұзақ мерзімді ем алуы қажет. Войтицкая ондай қызмет құны арзан емес екенін айтты. Сонымен қатар, ол күрделі орналасқан тісін жұлдырып, ем алуы керек.

"Қазіргі уақытта зейнетақы жинағын тіс емдеу саласы бойынша пайдалануға болатын тек екі қызмет түрі бар. Бұл - тісті имплантациялау және протездеу. Ол да өте қымбат. Бұған дейін шенеуніктер халықтың өтініші бойынша жинақты пайдалануға болатын басқа қызмет түрлерін қосатынын айтқан еді. Мен зейнетақы жинағымды ортодонтия желісі бойынша тіс емдеуге жұмсағым келді. Себебі ДКК (дәрігерлік-кеңес беру комиссиясы - авт.ескерт.) солай деді. Мен өз күшіммен бұл қызмет түрін төлей алмаймын. Менің ойымша, мұндай проблема көп адамда бар", - деді алматылық әйел.

Реклама
Реклама

Ол зейнетақысын алуға өтініш беру кезінде тағы бір проблемаға тап болғанын айтты. Войтицкаяның айтуынша, ол өтінішке қоса берілген ДКК қорытындысының үлгісін таба алмаған.

"Бастапқыда комиссияның осы қорытындысын алар кезде қиындықтар туындады. Ол тіркелген жер бойынша емханаңда беріледі. Алғаш рет өтініш берген кезде, оны қабылдамады. Олар қорытынды үлгі бойынша ресімделмегенін айтты. Бірақ бұл үлгі кез келген емханада қол жетімді емес. Менің емханам квотаға рәсімделетін үлгі бойынша қорытынды жасады. Зейнетақы жинақтарын аудару үшін өтінішке қажет осы қорытындыны қалай ресімдеу керегін ешкім білмейді. Кейін үлгіні бұрын алған адамдарды іздей бастадым. Олар да оны мемлекеттік қызметте істейтін досынан алған", - деді әйел.

Алайда мәселе мұнымен шешілмеген. ДКК қорытындысы үлгісін алғаннан кейін, ол сәуірде зейнетақы жинағын алуға қайта өтініш берген. Алайда бәрібір зейнетақы жинағын ала алмаған.

"Бір айдан кейін мен Nur Otan-ға, Тоқаевқа және денсаулық сақтау министріне хат жаза бастадым. Тіс емдеу саласында көрсетілетін қызметтер толықпағанына наразымын. Неге осы уақытқа дейін бұл тізім уәде етілгендей толтырылмады. Цой шынымен де имплантат пен протезден басқа проблемалар жоқ деп ойлайды ма? Неліктен бұл тізімге ортодонтия сияқты басқа қымбат емдеу түрлері енбеген?" - деп жазды тұрғын Алексей Цойдың блогында.

Екі аптадан кейін, яғни мамырдың ортасында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы алматылық Сабина Войтицкаяға жауап берген. Цойдың айтуынша, бұған дейін оның бұйрығы бекітілген, онда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен жабылмайтын медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік беретін зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі жасалған.

"Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуді көздейтін бұйрық жобасы әзірленді. Бұл жоба "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін орналастырылады және мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі", - деді министр.

Кейінірек, маусымның ортасында Tengrinews.kz редакциясы Денсаулық сақтау министрлігіне ресми сауал жолдады. Онда стоматология қызметтерінің тізімі қашан толығады және ортодонтия бола ма деп сұралған. Ведомство министр Цойдың жаңа бұйрығы біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесін кеңейтуді көздейді деп жауап берді.

Шынында да, маусымның соңында министрдің жаңа бұйрығының жобасы "Ашық НҚА" сайтында жарияланды. Құжатқа мынадай стоматологиялық қызметтер енгізілген: ортопедия (барлық түрлері), имплантация (барлық кезеңдері), ортодонтия (барлық түрлері, оның ішінде алынбайтын конструкциялар). Айта кетейік, аталған жобаны жария талқылау кеше, 15 шілдеде аяқталды.

Айта кетейік, биыл сәуірдің соңына қарай қазақстандықтар бір триллион 130 миллиард теңгеден аса зейнетақы жинағын алған. Оның 4,6 миллиард теңгесі емделуге аударылған. 4 834 адам өтініш жолдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная