28 қаңтар 2021 | 14:27

Зейнетақы жинағын алу: 112 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлданды

БЖЗҚ екі күнде мерзімінен бұрын зейнетақы жинақтарын шешіп алғысы келетіндерге 112 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдады. Қор өкілдері кейбір қазақстандықтың өтінімі неге қабылданбағанын да түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

БЖЗҚ екі күнде мерзімінен бұрын зейнетақы жинақтарын шешіп алғысы келетіндерге 112 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдады. Қор өкілдері кейбір қазақстандықтың өтінімі неге қабылданбағанын да түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, бірінші күні, 25 қаңтарда БЖЗҚ 49 миллиард теңгеге өтінімдер мақұлдаған болатын

Реклама
Реклама

Ал 26 қаңтарда БЖЗҚ-ға "Отбасы банк" уәкілетті операторынан жалпы сомасы шамамен 314,3 миллиард теңгеге 17 092 өтінім келіп түсті. Зейнетақы жинақтарын алуға арналған барлық өтінім қаралғаны хабарланды. 63 миллиард теңгеден астам сомаға 11 798 өтінім мақұлданды.

"БЖЗҚ" АҚ-ға өтінімдер келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей салымшылардың "Отбасы банк" АҚ-дағы арнайы шоттарына 63 миллиард теңгеден аса қаражат аударылады. Аударымның орташа сомасы 5,4 миллион теңге.

БЖЗҚ-да заңнама талаптарына сәйкес келмейтін 5 294 өтінім (31 пайыз) қабылданбады.

25 және 26 қаңтарда БЖЗҚ-ға уәкілетті оператордан келіп түскен жалпы сомасы 112 миллиард теңгеге жуық 20 252 өтінім қабылданғаны хабарланды. Өтінімнің орташа сомасы шамамен 5,6 миллион теңге", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, "Отбасы банктен" БЖЗҚ-ға жіберілген өтінімдердегі негізгі қателік бұрынғыша шешу сомасының дұрыс көрсетілмеуі екені айтылды. Өтінімі қабылданбағандар арасында БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шоты мен зейнетақы жинақтары жоқ адамдар да болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная