15 желтоқсан 2021 | 12:19

Зейнетақы жинағын алу: депутат шекті деңгейді қайта есептеп, кінәлілерді жазалауды ұсынды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов 2022 жылға жеткілікті шек деңгейін қайта есептеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов 2022 жылға жеткілікті шек деңгейін қайта есептеуді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат сауалын Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминге жолдады. Ол 2021 жылы 600 мыңнан аса адам зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге (жалпы сомасы 2 триллион теңгеге) пайдалана алғанын айтты.

"3 желтоқсанда БЖЗҚ өз сайтында 2022 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Нәтижесінде жаңа көрсеткіш бойынша зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндігі бар салымшылар саны 600-ден 150 мың адамға дейін, яғни төрт есе қысқарады. Бұл қоғамда үлкен наразылық тудырды. Мемлекет басшысы бұл мәселені шешуге араласуға мәжбүр болды. Ол үкіметке бұрынғы жеткілікті шек деңгейін қолданылу мерзімін 2022 жылғы 1 сәуірге дейін ұзартуды тапсырды", - деді Жамалов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Nur Otan партиясының фракциясы бұл уақытты Еңбек министрлігі мен БЖЗҚ жіберген қателерді жою үшін жүйелі жұмыс жүргізуге пайдалануы тиіс.

"Біріншіден, 2021 жылғы 6 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулар зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін айқындау әдістемесі "Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңның нормаларына сәйкес келмейді. Заңның 1-бабы 15-1-тармақшасына сәйкес ең төменгі жеткілікті шек - бұл ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақыны қамтамасыз ету үшін қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері.

Алайда әдістемеде ең төменгі жалақы мөлшері - 60 000 теңге көрсеткіші пайдаланылады.
Осылайша, әдістемеде минимал зейнетақының 46 302 теңге көрсеткіші орнына ең төменгі жалақы мөлшері қоланылады, орташа есеппен 64 пайыздан 83 пайызға дейін жеткілікті шек деңгейінің өсуіне әкеледі. Біліксіздік немесе саналы түрде әдіснамалық қателік жасалды. Мысалы, 20 жастағы адамдар үшін шекті мән 1,7 миллион теңгеден 3,1 миллион теңгеге дейін, 59-62 жастағы адамдар үшін 5,5 - тен 9,1 миллион теңгеге дейін көтеріледі", - деп толықтырды Аманжан Жамалов.

Депутат есептеулерде ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге көрсеткіші пайдаланылса, заңда белгіленгендей, жеткілікті шек 2021 жылмен салыстырғанда небәрі 9 пайызға өсетін еді.

"Екіншіден, БЖЗҚ-да жеткілікті шектің ең төменгі мәнін есептеу кезінде мүдделер қақтығысы бар. БЖЗҚ зейнетақы активтерін ұстаушы ретінде халықтың өз жинақтарын алып қоюға мүдделі емес. Сондықтан жеткілікті шектің ең төменгі мәнін есептеу БЖЗҚ өкілеттігіне кірмейді. Мұнымен әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы саясатты іске асыруға жауапты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысуы тиіс. Ал БЖЗҚ тек операторлық қызметті-зейнетақы шоттарын жүргізуді, зейнетақы жарналарын аударуды, жинақтаушы зейнетақы төлеуді жүзеге асыра алады. Бұл саладағы саясатты қандай да бір акционерлік қоғам емес, тек Үкімет пен министрлік анықтай алады", - деді Парламент мүшесі.

Сондай-ақ, депутат жеткілікті шек деңгейін жариялау мерзімі бұзылғаны туралы айтты.

"Зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заңға сәйкес зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі 2021 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірілмей жариялануға тиіс болатын және БЖЗҚ интернет-ресурсында ғана емес, сондай-ақ басылымдарында да.

Депутат ұсынысы мынадай:

  • жеткілікті шек деңгейін есептеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланудан бас тарту;
  • зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, ең төменгі зейнетақы мөлшерін пайдалана отырып, 2022 жылға арналған ең төменгі жеткілікті шекті қайта есептеу;
  • уәкілетті орган ретінде Еңбек министрлігіне жеткілікті шек деңгейін есептеу жөніндегі өкілеттіктерді бекіту;
  • жыл аяғына дейін Президенттің Зейнетақы жинақтарын "Отбасы банкіне" депозитке аудару мүмкіндігі туралы тапсырмасын орындап, зейнетақы жинақтарын пайдалану мерзімін 45 күннен 20 күнге дейін қысқарту жөнінде түсіндірме беру;
  • қызметтік тексеру жүргізсін және зейнетақы жинақтарының ең аз жеткілікті шегін айқындау әдістемесін әзірлеуге жауаптыларды жазаласын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная