02 қаңтар 2021 | 12:16

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: Тоқаев заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмади Cарбасов ОКҚ онлайн-брифингінде Мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, қымбат емдеуге төлеуге немесе жеке қаржы компаниялары басқаруы үшін беруге пайдалану мүмкіндігін беру жөніндегі тапсырмасы орындалып жатқанын хабарлаған болатын.

Вице-министр зейнетақы жинағанынан ақшаның бөлігін мерзімінен бұрын алудың механизмі қаңтарда дайын болатынын атап өткен.

"Үкімет зейнетақы төлемдерін нысаналы пайдалану жөніндегі өкілетті операторды айқындайды. Бірінші кезеңде "Отбасы банк" ұсынылады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту, қымбат емдуледі төлеу үшін зейнетақы төлемдерін төлеудің қағидаларын бейінді министрліктер әзірлейді және бекітеді. Олар - Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі. Қаңтарда заңды іске асыруға қажет барлық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады деп күтудеміз және біз азаматтарға зейнетақы жинағының бөлігін шешіп алуға болатын құқығын ұсынудың толық механизмін бастаймыз", - деді вице-министр.

Зейнетақы жинағынан алған ақшаның салығын зейнетке шыққан соң төлеу ұсынылды.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная