Зейнетақы жинағын пайдалану ережелеріне өзгерістер енгізіледі

Зейнетақы жинақтарын алу қағидаларына салымшылардың өз активтерін басқару жөніндегі құқықтарын кеңейтуге қатысты өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, белгіленген жеткіліктілік шегі салымшылар зейнетақы жинақтарын емдеуге және тұрғын үй сатып алуға алып қойған кезде ғана пайдаланылатын болады.

"Қалған зейнетақы жинақтарының немесе барлық жинақталған соманың 50 пайызынан аспайтын бөлігін салымшылар активтерді басқарушы компанияны таңдау арқылы жеке басқаруға бере алады. Айта кетейік, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет кепілдік береді", - деді ол.

Реклама
Реклама

Дүйсенова салымшы таңдаған компанияның жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сақталуына және олардың кірістілігіне жауапты екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама