Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану: маңызды шешім әзірленіп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент
Зейнетақы жинағын тұрғын үйге пайдалану: маңызды шешім әзірленіп жатыр Midjourney арқылы жасалған

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтардың Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) жинақтарын пайдалану мүмкіндіктері кеңейтілуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасын Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұйрық жобасы 21 қарашаға дейін "Ашық НҚА" порталында талқыланады.

Жоба зейнетақы жинақтарын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, оларды төмендегідей мақсаттарға бағыттауға рұқсат беру ұсынылады:

Реклама
Реклама
  • тұрғын үй несиесі бойынша негізгі қарызды өтеу;
  • ай сайынғы төлемді азайту;
  • несиенің мерзімін қысқарту.

Құжатқа сүйенсек, жаңартулар Салық кодексінің жаңа редакциясымен байланысты, оған сәйкес Қазақстан резиденттері БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан жеке табыс салығын төлеуден босатылады.

Министрлік мәліметінше, өзгерістердің мақсаты — біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану процесін тиімді әрі ыңғайлы ету, сондай-ақ азаматтарға қолданыстағы заңнама аясында тұрғын үй жағдайларын жақсартуға қосымша құралдар беру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама