ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қараша 2020 | 12:16
Зейнетақы жинағының бір бөлігін алуда ұсталатын салық. Парламент заңға өзгертулер енгізді
Мәжілісмендер зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде ұсталатын жеке табыс салығының мерзімін кейінге қалдыру бойынша түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжілісмендер зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде ұсталатын жеке табыс салығының мерзімін кейінге қалдыру бойынша түзетулер енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутаттар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодекске (Салық кодексі) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Сенат енгізген өзгерістер мен толықтыруларды қолдады.
Заңжобасы бойынша:
- Жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау;
- пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимін енгізу;
- ағымдағы жылдың соңына дейін Үкімет белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро-, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде белгілеу құқығын беру;
- - жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардың жер салығы бір төлемге біріктіріледі, көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлеу тоқтатылады;
- көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру;
- Жеке тұлғаларға қызметтер мен тауарларды электронды түрде сататын шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады ("Google салығы").
Айта кетейік, зейнетақы жинағын пайдалану кезінде жеке табыс салығы төлеуді кейінге қалдыру туралы түзетуді сенаторлар енгізіп, заң жобасын Мәжіліске қайтарды.
Қазіргі заң бойынша, егер қазақстандық өз жинағын шешіп алса, ол сомадан 10 пайыз табыс салығы ұсталады. Ал бұл ұсыныста біржолғы алу кезінде салықты ұстап қалмау айтылады.
Енді бұл заң жобасы Қазақстан Президентіне жолданады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также