ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қыркүйек 2020 | 12:05
Зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай баспанаға жұмсауға болады? Министр жауабы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану ережелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинағын тұрғын үй сатып алу үшін пайдалану ережелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін пайдалану бастапқы және қайталама нарықта тұрғын үй немесе жер учаскесін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша), жеке тұрғын үй салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсартудың басқа да нұсқаларын қарастырады.
Зейнетақы жинағын жұмсай отырып сатып алынған тұрғын үй 5 жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін дейді.
Кімдер зейнетақының бір бөлігін ала алады? Министр жауабы
Ведомство мәліметінше, зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді", - деп толықтырды министр.
Еске салайық, мұның алдында енді 2021 жылы 700 мың қазақстандықтың зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алатыны хабарланған болатын.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также