ПОДЕЛИТЬСЯ
10 қазан 2018 | 09:35
Зейнетақы қоры 15 компаниямен соттасып жатыр: Серіктестіктер 40 миллиард теңге қарыз
Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегін өтемей жүр. Серіктестіктер қорға 40 миллиард теңгеге жуық қарыз. Бұл туралы "Астана" телеарнасы тілшілеріне БЖЗҚ-ның заңгерлері айтты.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елімізде 20-ға жуық жеке компания Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы берешегін өтемей жүр. Серіктестіктер қорға 40 миллиард теңгеге жуық қарыз. Бұл туралы "Астана" телеарнасы тілшілеріне БЖЗҚ-ның заңгерлері айтты.
Қазір олар 15 компаниямен соттасып жатқандарын жеткізді. Соның ішінде әлеуметтік желілерде қызу талқысына түскен "Астана жылжымайтын мүлік" акционерлік қоғамы да бар. Құрылыс компаниясы зейнеткерлердің ортақ қорына 1 миллиард 700 миллион теңгені бермей келеді дейді мамандар.
Телеларна тілшісінің хабарлауынша, компания бұл қаражатты ертеде "Астана" және "Ұлар-Үміт" зейнетақы қорларынан алып, 2011 жылдан бері төлеуді доғарған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мұраға қалған қомақты соманы сот арқылы жеңіп алған. Енді онымен сот орындаушылары айналысып жатыр екен.
"Бұл компанияның қарызды өтеп тасауға жетерлік дүние-мүлкі жеткілікті. Олар қазір саудаға шығарылған. Бірақ сатып алушылар тарапынан қызығушылық жоқ. Сонымен тоқтап тұр. Қосшы елді мекені мен Бурабайда, сондай-ақ Алматыда жер учаскелері, пәтерлері, коттедж қалашықтарында зәулім үйлері бар. Осыларды сатып, қаржыны қайтаруға талпынып жатырмыз", - деді БЖЗҚ АҚ департаментінің директоры Назым Бақтыбаев.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2014 жылдан бері осындай әдіспен 17 миллиард теңгені өндіріп алыпты. Енді барлығы 20 кәсіпорыннан 37,5 миллиард теңге қайтарылуы тиіс. Бұл шамамен БЗЖҚ портфеліндегі барлық қаражаттың 0.5 пайызына тең. Қазір қорда 8,9 триллион теңге бар. Салымшылар үшін қандайда бір қауіп төніп тұрған жоқ, - дейді қор мамандары.
Показать комментарии
Читайте также