ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2020 | 15:44
Зейнетақы мен жәрдемақы өсті. Қазақстандықтарға қашаннан бастап төленеді?
Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің басшысы Айдынжан Нарматов индекстелген зейнетақы мен жәрдемақының қазақстандықтарға қашан берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, мұның алдында Президент Тоқаев зейнетақы мен жәрдемақының 10 пайызға дейін индекстелетінін айтқан еді.
Нарматовтың айтуынша, 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін тағайындалған зейнетақы 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап 5 пайызға өседі.
"Алматыдағы 230 мың зейнеткер индекстелген зейнетақы алады. Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 5 пайызға өсірілген еді. Енді олар тағы 5 пайызға өседі. Нәтижесінде бір жылда зейнетақы 10 пайызға өсті", - деді Нарматов.
Ол барлық зейнетақының сәуірде автомат түрде қайта есептелетінін айтты.
"Зейнеткерлерге мемлекеттік орталыққа зейнетақы алу үшін барудың қажеті жоқ, барлығы автомат түрде жүргізіледі. Көбейтілген зейнетақы мамырда беріледі, сондай-ақ, мамырда сәуірде қосылған зейнетақы беріледі", - деді Нарматов.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также