ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сәуір 2022 | 11:38
Зейнетақы мен жәрдемақы тағы 4 пайызға индекстеледі - премьер-министр орынбасары
Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақыны индексациялау үшін бюджетке қосымша 111 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кеше ғана республикалық бюджет комиссиясының отырысында Үкімет маңызды шешімді мақұлдады. Инфляция дәлізінің 8-10 пайызға дейін өзгеруіне байланысты зейнетақы мен жәрдемақының мөлшерін қосымша тағы төрт пайызға индекстеу көзделіп отыр, бұл барлық әлеуметтік төлемдердің 9 пайызға, ал ынтымақты зейнетақының 2021 жылға қарағанда 11 пайызға өсуін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады Тоғжанов Мәжілістің жалпы отырысында.
Тоғжановтың айтуынша, бұл өсім 4,2 миллион әлеуметтік жәрдемақы алушыға әсер етеді.
"Бюджет жобасында осы мақсаттарға қосымша 111 миллиард теңге қарастырылған", - деп қосты Ералы Тоғжанов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также