“Зейнетақыдан 20 пайыз ұстап қалады“ - Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады

Айнұр Қапышова Корреспондент
“Зейнетақыдан 20 пайыз ұстап қалады“ - Еңбек министрлігі мәлімдеме жасады Фото:depositphotos.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұстап қалу енгізілді деген ақпаратты түсіндірді. Ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік желілер мен бейнехостингтерде таралып жатқан зейнетақы төлемдерінен 20 пайыз ұстап қалу енгізілді деген ақпаратты түсіндірді. Ведомство өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз тұлғалар deepfake технологияларын пайдалана отырып, ынтымақты зейнетақы төлемдері 20 пайыз қысқартылады деген жалған мәліметі бар бейнероликтер таратып жатыр.

Бұл ретте, министрлік 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық және ынтымақты зейнетақы мөлшері Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10 пайыз арттырылғанын еске салды.

Реклама
Реклама

"Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде жыл сайын кезең-кезеңімен ең төменгі базалық зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғары мөлшері 120 пайызына дейін ұлғайтылып келеді", - делінген хабарламада.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110 пайызынан 118 пайызына дейін ұлғайтылып, 60 005 теңге болды.

Осыған байланысты, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама