Зейнеткер “Айселге“ алданып 2 миллион теңге қарызға кіре жаздады

Дина Шарипханова Корреспондент
Зейнеткер “Айселге“ алданып 2 миллион теңге  қарызға кіре жаздады видео кадры

Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында полицейлер алаяқтың әрекетін дер кезінде әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысындағы сауда орталықтарының бірінде полиция қызметкерлері телефонмен абыржып сөйлесіп тұрған егде жастағы әйелді байқаған. Зейнеткер қобалжып, біреудің нұсқауымен әрекет етіп жатқандай көрінген.

Полиция қызметкерлері белгісіз адамдар зейнеткерге қоңырау шалып, "тексеру жүргізу" мақсатында SMS арқылы келген кодты айтуды талап еткенін анықтаған.

Реклама
Реклама

"Алаяқтар оның атына 5 миллион теңге көлемінде несие рәсімдеуге тырысқан, алайда банк тек 2 миллион теңгені мақұлдаған. Дәл осы соманы зейнеткер алаяқтарға аудармақ болған. Полиция қызметкерлері телефонды сұрап, өзін Айсел деп таныстырған адаммен сөйлесті. Ол өзін зейнеткердің қызы екенін айтқан, бірақ әйелдің аты-жөні мен тегін атай алмады, бұл алаяқтық әрекетті растады", - делінген хабарламада.

Полиция алаяқтықты дер кезінде тоқтатып, 2 миллион теңге көлеміндегі материалдық шығынның алдын алды. Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, алаяқтардың қалай әрекет ететіні түсіндірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама