ПОДЕЛИТЬСЯ
03 қазан 2024 | 08:46
Зейнеткер немересін “құтқару“ үшін белгісіз адамдарға 17 миллион теңге берген
Ақмола облысында зейнеткер немересін құтқарғаны үшін белгісіз адамдарға 17 миллион теңге беріп, кейін алданғанын білгенде, алаяқтық туралы арызбен Көкшетау қалалық Полиция басқармасына хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ақмола облысында зейнеткер немересін құтқарғаны үшін белгісіз адамдарға 17 миллион теңге беріп, кейін алданғанын білгенде, алаяқтық туралы арызбен Көкшетау қалалық Полиция басқармасына хабарласқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ мәліметінше, 5 тамызда белгісіз біреулер әйелге телефон соғып, өздерін тәртіп сақшысымын деп таныстырған. Олар зейнеткердің немересі жол-көлік оқиғасына себепкер болғанын айтып, оқиғаға қыздың кінәлі екенін айтады.
"Қаскүнемдер қарт әйелге жазадан "құтылуға көмек көрсетуге" уәде береді", - делінген баспасөз хабарламасында.
Шошып кеткен зейнеткер туысқанына көмектесу үшін барлық жағдайға келіскен. Курьер одан ақшаны алып кеткен.
Келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңге болады, бұл бүкіл отбасының, зейнеткер мен оның кәмелетке толған балаларының ұзақ мерзімді жинақтары.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 29 қыркүйекте көкшетаулық жедел уәкілдер дроппер болған 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ер адамның тағы бір ұқсас эпизодқа қатысқаны анықталды. Алаяқтардың кезекті құрбаны облыс орталығының тағы бір тұрғыны болған, ол "көмек" үшін алаяқтарға бір миллион теңге берген", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Полицейлер бұл факт бойынша соталды тергеу амалдарын бастап, басқа да күдіктілердің жеке басын анықтап жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также