Зейнеткер Перизат Қайраттан 1 миллион теңгесін қайтарып беруді талап етті

Дина Шарипханова Корреспондент
Зейнеткер Перизат Қайраттан 1 миллион теңгесін қайтарып беруді талап етті Фото Tengrinews.kz/Санжар Мустафин

Зейнеткер су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың қорына аударған 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зейнеткер су тасқыны кезінде Перизат Қайраттың қорына аударған 1 миллион теңгесін қайтаруды талап етіп, сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Астанада су тасқыны кезінде жасалған қайырымдылық көмекке байланысты эпизод бойынша куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алу жалғасып жатыр.

2024 жылдың сәуірінде зейнеткер Әмина Аймағамбетова банк қосымшасы арқылы Перизат Қайрат басқарған "BizBirgemiz Qazaqstan 2030" қоғамдық ұйымына 1 миллион теңге аударған.

Жарнама
Жарнама

"Онда көп жарнамалар жүрді. Бірақ неге екені белгісіз, дәл сол BizBirgemiz атауы сенімді көрінді. Қажетті жерге жететініне сеніп, аудардым. Зейнеткерлер үшін ондай ақша артық емес қой", – деді әйел.

Оның айтуынша, ол бұған дейін Перизат Қайратпен де, оның анасымен де таныс болмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама