27 қаңтар 2020 | 09:21

Зейнеткерді өрттен құтқарған ақтөбелік сегіз айдан бері қиналып жатыр

© aktobetimes.kz

Ақтөбеде зейнеткерді өрттен аман алып қаламын деп денесі күйіп қалған Артем Головняның жағдайы мүшкіл. Жігітке елордадағы орталықтың мамандары ғана көмектесе алады екен. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде зейнеткерді өрттен аман алып қаламын деп денесі күйіп қалған Артем Головняның жағдайы мүшкіл. Жігітке елордадағы орталықтың мамандары ғана көмектесе алады екен. Бұл туралы "Ақтөбе Таймс" жазады.

Артемнің денесінің 60 пайызы күйіп қалған. Қала тұрғындары оған дереу ақша жинап, көмектесуді ойлаған. Алайда белгісіз бір ерікті бұл ақшаны алып кеткен.

Реклама
Реклама

Артемнің шұғыл медициналық көмек ауруханасында жатқанына осымен сегіз ай болған. 25 жастағы жігіт қанталаған жарасынан әбден ауырсынып, екпетінен жатуға мәжбүр.

"Анасының емге ақшасы жоқ, - дейді еріктілердің бірі Екатерина Голотина. - Оның табысы аз. Жалдамалы баспанада тұрады. Артем отбасының асыраушысы еді. Оған көмек қолын созғанымызда анасы сенімсіз қараған. Біздің алаяқ емес екенімізді білген соң ғана ол есепшот ашуға рұқсат берді. Анасы прокуратураға арызды кеш түсірген. Ол соңына дейін ақшаны алаяқтар қайтарады деп сенді, сондықтан полицияға хабар бермеген. 1,5 миллион теңгенің 200 мыңы ғана қолына тиген. Қазір басты мәселе - елордадағы ауруханаға квота алу. Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен көп хабарластық. Мүгедектікті рәсімдеуге көмектесеміз деп уәде берді, бірақ мәселе шешілмей жатыр. Артем желтоқсанның басында қан сынамасы алынғанын, гемоглобині 70 шамасында болғанын, алайда қаңтардың басында көрсеткіш 46-ға түсіп кеткенін айтты, негізі ер адамдардың қалыпты көрсеткіші 130 және одан жоғары. Елордадағы орталықтың жетекшісімен хабарласқанымызда ол жарты жылда жара кететінін айтып сендірген. Екі айы ғана қиын болатынын айтқан. Сегіз ай өтті. Бинтін шешсе, терісі қалпына келмеген. Мұндай жара жағдайды ушықтыруы мүмкін. Ол нағыз батыр, зейнеткерді өлімнен арашалап қалды, енді өзі ешкімге керек болмай қалды. Басында бәрі қолдап жатқан, қазір ұмытылды".

Басылымның мәліметінше, дәрігерлер Артемнің арқасындағы жараны журналистерге көрсетпеуге тырысқан. Науқастың үстін дәрігерлер көрпемен жауып қойған. 

"Жатқаныма сегіз ай болды, бір қолымдағы жарам ғана жазылды. Системаны жақында ғана ала бастадым. Екінші қолым, арқам, аяғым жазылмай жатыр. Нәтиже жоқ. Дәрігерлер тұрып, жүре бастауым керегін айтады. Бірақ одан жиі бас тартамын. Орап берген соң жақсарып қаламын, алайда кейін терім жыртылып, ауру күшейеді", - деді жігіт.

Ақша жинаған еріктілердің ішінде Антонина есімді қыз аталады. Артемнің айтуынша, Алексей есімді ерікті оған көмектесуді ойлап, жиналған ақшаны Антонинаға аударған.

"Жалғыз кінәсі сол, - дейді Артем. - Алексейдің өзінің қолы тимей, ақша мәселесімен айналысуды сол қызға тапсырған. Ол болса ақшаны жаратып жібердім деп тұр, қашып жүрген де жоқ. Оны жақында жұмыстан босатыпты. Ол ақшаны қайтарамын деген қолхат беруі керек еді. Кейін телефонын көтермейтін болды. Өзі жалғыз басты ана, күйеуі қайтыс болған, аядық та қойдық. Шешем оны кешіріп отыр, істі сотқа жеткізгісі келмеді, себебі әуелі ол ақшаны қайтаруға уәде берген. Прокуратура істі полиция бөліміне өткізген. Полиция бөлімі айналыспаса, істі прокуратура өндіріске алады деді".

ШМЖА дәрігері, комбустиолог Нұрлан Әбішевтің айтуынша, күйік шалған науқас ұзақ уақыт емделеді. 

"Операция жасай салып, тұрып кеттің деген болмайды. Артемнің денесі қатты күйіп қалған. Оған үш рет терісі ауыстырып тігілді. Жазылып кетеді, алайда терісі 100 пайыз жазылуы мүмкін емес. Басқа жарасы баяу болса да жазылып жатыр", - дейді ол. 

Журналистер денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтен Артемнің неге шұғыл көмекке мұқтаж болса да жарты жалдан аса уақыт ШМЖА-да жатқанын сұраған. Басшы квота мәселесінің енді ғана шешіліп жатқанын айтқан. 

"Науқас өлім алдында болды, оған дәрігерлер көмектесті, 70 пайыз денесін күйік шалған. Неге жағдайы жақсармай жатыр? Бұл тұжырымды кім жасапты? Оның жағдай аса ауыр еді. Қазір жаман емес. Орталықтан жауап күтіп отырмыз, бәрі бізге тәуелді емес", - депті шенеунік.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная