Жезқазғанда қоқыстан табылған нәресте ата-анасына берілді

© Facebook

Жез?аз?анда ?о?ыстан табыл?ан н?ресте ата-анасына берілді. 18 жаста?ы студент ?ыз бен н?рестені? биологиялы? ?кесі ?йленіп, с?биді ?здеріне алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? білім бас?армасыны? т?рбие ісі ж?ніндегі секторды? бас маманы Г?лнар Сейітжанова?а сілтеме жасап.

Жезқазғанда қоқыстан табылған нәресте ата-анасына берілді. 18 жастағы студент қыз бен нәрестенің биологиялық әкесі үйленіп, сәбиді өздеріне алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі сектордың бас маманы Гүлнар Сейітжановаға сілтеме жасап.

"Нәресте биологиялық ата-анасына берілді. Нәрестенің әкесі "Азаматтық хал актілерін тіркеу" арқылы әке құқына ие болды. Олар үйленді. Сондықтан біз оны ата-анасына қайтардық. Балаға туыстарымен бірге болу жақсы болады. Біз нәрестенің жағдайын бақылайтын боламыз", - деді Гүлнар Сейітжанова.

Сондай-ақ, қалалық білім басқармасының тәрбие ісі жөніндегі сектордың бас маманы сәбидің анасы бір жылға бас бостандығынан айырылған кезде сот отырысында болғанын айтты. Сейітжанованың айтуынша, қыз болған оқиғаға өкінді. Ал сәбидің әкесі болса, қыздың жүкті болғаны жайлы мүлдем білмеген.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін сот әкесін балаға алимент төлеп отыруға міндеттеген еді. Алайда алимент сомасы 500 теңге шамасында ғана. Сот мұндай шешімді анасының жұмыс істемейтінін және материалдық табысы болмағандықтан шығарыпты. Ол ата-анасымен бірге тұрады екен және солардың асырауында.  

Еске салайық, Қарағанды облысында қоқыстан аузы әжетхана қағазымен оралған нәресте табылған болатын. Дәрігерлер нәрестенің жағдайы ауыр екенін хабарлаған еді. Кейін Қарағанды облысында нәрестені қоқысқа 18 жастағы анасы тастаған болып шықты. Бұдан кейін нәресте Балалар үйіне жеткізілді. Дәрігерлер нәрестеге Елжас деген есім берген еді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама