Жолда қалып қойған өзбекстандық 55 адам құтқарылды

Жолда қалып қойған өзбекстандық 55 адам құтқарылды ©Нұрғиса Елеубеков

"Алматы-Екатеринбург" тас жолы бойында істен шыққан автобус ішінде қалып қойған 55 Өзбекстан азаматы құтқарылды. Бұл туралы Tengrinews.kz Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 23 ақпан күні 33 градустық аязда "Алматы-Екатеринбург" тас жолы бойында Сарыағаш елді мекенінен Нижний Новгородқа бет алған "Сетра" маркалы автобустың жанар-жағар майы суықтан қатып қалып, жолда қалған. Автобус ішіндегі 54 жолаушы және 10 жасар бала болған. Қарағанды облысының ІІД ӘПБ жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлерінің жедел әрекет арқасында барлық жолаушылар жақын маңдағы дәмханалардың біріне жылынуға жеткізілген.
Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама