Жомарт Ертаев Қазақстанға экстрадицияланады - Бас прокуратура

© Tengrinews.kz

?аза?стан Бас прокурорыны? орынбасары Андрей Лукин "Bank RBK" А? бас?арма т?ра?асыны? б?рын?ы ке?есшісіні? елімізге экстрадицияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин "Bank RBK" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы кеңесшісінің елімізге экстрадицияланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Азамат Ертаевқа қатысты: РФ құзырлы органдарымен бірлесіп қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы заңды шаралар аяқталғанда Ертаев Қазақстанға жеткізіледі", - деді Андрей Лукин. 

Оның айтуынша, экстрадиция мерзімін Ресей Федерациясы бекітті. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Жомарт Ертаев 2018 жылы 16 маусымда 40 тәулікке үй қамауына алынған болатын

Қазақстан ІІМ Интерполы Ұлттық орталық бюросының сұранысы бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматы Ертаев Жомарттың ұсталғаны айтылады.  

"Ол "Bank RBK" АҚ директорлар кеңесінің төрағасының кеңесшісі бола отырып, келісілген ЖШС-ларға 80 миллион доллар көлемінде банктік қарыз беруді лоббилеген, сондай-ақ, алған қаражаттарды алдағы уақытта қайтармау мақсатында әрекет еткен", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама