11 қараша 2020 | 13:58

"Зорлау" туралы видеодағы қыз оқиғаның мән-жайын айтты

Видео кадры

Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы қызды құтқару туралы видео қызу талқыға түсті. Видеоға жазылған пікірде "құтқарушы-батыр" уақытында келіп, жәбірленушіні зорламақ болған адамдардан құтқарып қалғаны айтылады. Алайда "жәбіренуші" оқиға қалай болғанын айтып берді. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде Көкшетау қаласындағы қызды құтқару туралы видео қызу талқыға түсті. Видеоға жазылған пікірде "құтқарушы-батыр" уақытында келіп, жәбірленушіні зорламақ болған адамдардан құтқарып қалғаны айтылады. Алайда "жәбіренуші" оқиға қалай болғанын айтып берді. , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Instagram желісіндегі Stories арқылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның айтуынша, жігіт екеуі арасында жанжал туған, алайда ешқандай зорлық әрекеті болмаған және ол жалған ақпарат таратпауды сұрады. Сондай-ақ ол көмек көрсеткен адамдарға алғысын айтты. 

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaztwitter Kazakhstan (@kaztwitter) 10 Ноя 2020 в 5:36 PST

Оқиғаға қатысты Ақмола облысының полиция департаменті түсінік берді. 

"2020 жылдың 9 қарашасында сағат 01:09-да Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Баймұқанов көшесіндегі үйлердің бірінде түнгі уақытта тыныштық бұзылғаны және музыка қатты естіліп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары 9 қараша сағат 19:00-де 18 жастағы қыз 21 жастағы танысының үйіне келіп, ішімдік ішіп, қорқор шеккенін анықтады. Әңгіме барысында екеуінің арасында жанжал туған. Сөйтіп 21 жастағы жігіт қыздың бетінен ұрып жібергеннен кейін жәбірленуші айғайлап, көмек сұрай бастаған. Жігіттің сөзінше, ол қыз ішімдік ішіп алғандықтан үйіне жібергісі келмеген. Жігітке қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 437-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Одан бөлек, полиция өкілдері сот-медициналық сараптама жүргізуді ұсынған, алайда жәбірленуші одан бас тартты", - дейді полиция өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная