Жүк көліктеріне Универсиада нысандарының маңынан жүруге тыйым салынады

Ж?к к?ліктеріне Универсиада нысандары орналас?ан жолдармен ж?руге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Жүк көліктеріне Универсиада нысандары орналасқан жолдармен жүруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың өтуіне байланысты Ішкі істер департаменті мен Алматы қалалық әкімдігі автожүргізушілерге қозғалыс бағытын алдын ала бағамдап, мегаполистегі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларға түсіністікпен қарауға шақырды.

"2017 жылдың 25 қаңтарынан бастап қалаға кіретін магистраль жолдарда және Универсиаданың спорт нысандарына жақын жатқан жолдарда жүк көліктері мен ірі габаритті көліктермен жүру шектеледі. Мегаполис шегінде орналасқан полиция бекеттерінде қазіргі уақытта түтіндеу мен зиянды ауа шығару нормасынан асып кеткен, апатты және техникалық жарамсыз көлік құралдарын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама