Жүкті әйелді өлтіру оқиғалары 5 есеге көбейген - ҚР Бас прокуратурасы

1997 жылдан бастап тіркелетін ?ылмыстарды? саны 3 есеге ?ыс?ар?ан. Алайда атал?ан ?ылмыстарды? санатты? ??рамдарыны? саны артып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы кеше Бас прокуратурада адам ?міріне ?олс??ушылы?пен байланысты ?ылмыстарды? алдын алу м?селелері бойынша ?ткен д??гелек ?стелде айтылды.

1997 жылдан бастап тіркелетін қылмыстардың саны 3 есеге қысқарған. Алайда аталған қылмыстардың санаттық құрамдарының саны артып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы кеше Бас прокуратурада адам өміріне қолсұғушылықпен байланысты қылмыстардың алдын алу мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелде айтылды.

Кейінгі 5 жылда құрбан - жүкті әйелдердің саны 5 есеге, екі жыл ішінде көп адамдардың өміріне қауіп келтіретін жолмен қылмыс жасайтын қылмыскерлердің саны екі есеге көбейген. Бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған қылмыскерлердің саны екі есеге өскен. Әрбір екінші қылмыс алкогольдік масаң күйде жасалған. Әрбір үшінші қылмыскер - маскүнем.

Жиналыста қылмыстардың ең көбі Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жасалғаны айтылды.

Реклама
Реклама

Құрылымды, қылмыс көрсеткішінің өзгеру қозғалысын ары қарай зерттеу осы құбылыстың жалпы көлемін бағалауға көмектеседі және адам өміріне қолсұғушылықпен байланысты қылмыстылыққа қарсы іс-әрекеттің тиімді формасы мен әдісін ойлап шығаруға мүмкіндік береді.

Жиналыс жұмысына прокуратура, полиция қызметкерлері, жергілікті атқару органдарының өкілдері мен ғалымдар қатысты.

Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев жиналысты аша отырып, талқыланып отырған тақырыптың   ерекше өзектілігін және адам өмірі мен денсаулығын қорғау құқық қорғау органдарының маңызды мақсаты болып табылатынын айрықша атап өтті. Сондықтан да осындай тақырыптың таңдалуы кездейсоқ емес, ол қылмыстылықтың жағымсыз құрылымдық өзгерістеріне байланысты.

Дөңгелек үстелде Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген ведомствоаралық ғылыми зерттеулердің алдын ала жасалған нәтижесі талқыланды.

Дөңгелек үстелдің  қорытындысы бойынша өзара іс әрекет ету, аталған қылмыстың түрімен күрестің және оны алдын алудың ғылыми-практикалық тәжірибесімен алмасу жөніндегі ұсыныстар әзірленді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама