Жүргізушілерден шөп арасында тығылатын полицейлердің әрекеті тыйылатын болды

© ambox.ru

ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха жүргізушілерден шөп арасында тығылатын полицейлердің әрекетінің жолын кесетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бастапқыда ешкім тығылмасын деп тапсырма бердік. Мұнда мәселе полицейлердің әрекетінің заңдылығы емес жайында емес, дұрыс-бұрыстығы жайлы. Олар бұрыш-бұрышта, шөп арасында тығылып, кейін дереу атып шығады, біз мұндай әрекеттердің жолын кесеміз. Нақтырақ айтқанда, Алматы облысы бойынша тексеріс жүргіздік, мұндай әрекет жасағаны үшін батальон командиріне дейін босаттық", - деп мәлімдеді ол Астанадағы брифингте.

Сонымен қатар, ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев Астандағы баспасөз мәслиахаты кезінде жылдамдық өлшеу құрылғыларының Қазақстанның барлық өңірінде орнатылатынын хабарлады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама