“Бригада“ жұлдызы балық аулауға барып қаза тапты

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Александр Высоковский. «Бригада» сериалынан кадр

Ресейде танымал "Бригада" телехикаясында Макстың рөлін сомдаған 62 жастағы актер Александр Высоковский қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жазатайым оқиға себеп болған, деп хабарлайды Tengri Life.


Ресейде танымал "Бригада" телехикаясында Макстың рөлін сомдаған 62 жастағы актер Александр Высоковский қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлімге жазатайым оқиға себеп болған, деп хабарлайды Tengri Life.

Baza Telegram-арнасы мәліметінше, кеше артист ұлымен бірге Мәскеу түбінде балық аулауға шыққан. Высоковскийдің жұбайының айтуынша, серуендеу кезінде ол өзен ағысы қатты жерде жоғалып кеткен. Оны іздеуге құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылды.

Көп ұзамай сүңгуірлер оның денесін өзеннен тапты. Алдын ала болжам бойынша, ер адам суға тұншығып қалған.

Жарнама
Жарнама

"Өлімнің криминалдық сипаты жоқ және тергеу органдары оны жазатайым оқиға ретінде бағалап отыр", - деп хабарлайды Telegram-арна.

"Бригада" - 2002 жылы жарық көрген танымал ресейлік криминалдық телехикая. Онда 90-жылдары қарапайым жігіттерден ықпалды қылмыстық топ жетекшілеріне дейінгі жолды өткерген мәскеулік төрт достың хикаясы баяндалады. Телехикая үлкен өзгерістер дәуіріндегі достық, сатқындық, билік, махаббат және жетістік құны сияқты тақырыптарды қозғайды. Танымалдылығына қарамастан, телехикая қылмыс әлемін дәріптегені үшін жиі сынға ұшырады, десе де ол бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ең танымал тележобалардың бірі.

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама