Аргентина құрамасы жеңілгеннен кейін Буэнос-Айресте жаппай тәртіпсіздік басталды

Аргентина құрамасы жеңілгеннен кейін Буэнос-Айресте жаппай тәртіпсіздік басталды Бейнеден алынған кадр

2026 жылғы Әлем чемпионаты шешуші матчінің соңғы ысқырығынан кейін Аргентина астанасы көшелерінде жаппай тәртіпсіздік басталды. Буэнос-Айрес орталығына жиналған мыңдаған жанкүйер ұлттық құраманың Испания командасынан жеңілуінен кейін полициямен қақтығысты, деп хабарлайды Tengrinews.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Аргентиналық Clarín басылымы мәліметінше, қала орталығындағы жағдай жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30 шамасында ушыға түскен. Радикалды көзқарастағы бір топ жанкүйер қалалық полиция қызметкерлеріне тас, шыны бөтелкелер мен файерлер лақтырып, қақтығысқа итермеледі.

Тәртіпті қалпына келтіру және агрессивті топты тарату үшін құқық қорғау органдары су шашқыштар мен көз жасаурататын газ қолданып, арнайы бөлімшелерді жұмылдырды. Infobae порталы мәліметінше, күштік құрылымдар бұзақыларды таратып қана қоймай, ұрлық пен тонау әрекеттерінің де жолын кескен.

Жарнама
Жарнама

Cadena 3 ақпараттық агенттігі деректері бойынша, тәртіпсіздіктің негізгі ошақтарын түн ортасына қарай оқшаулау мүмкін болды. Аргентина астанасы орталығындағы алаң ультрастардан толық тазартылды, дегенмен іргелес көшелерде полицияның күшейтілген жасақтары біраз уақыт кезекшілікте тұрды.

Түнгі оқиғалар нәтижесінде Буэнос-Айрес полициясы кем дегенде 15 адамды ұстады, олардың көпшілігіне қызметкерлерге шабуыл жасады, қарсылық көрсетті және ұсақ ұрлық жасады деген айып тағылып отыр. Қақтығыстар барысында кемінде жеті құқық қорғаушы түрлі деңгейде жарақат алды.

Еске сала кетейік, Испания құрамасы Аргентинаны жеңіп, 2026 жылғы әлем чемпионы атанды. Екі мықты команда арасындағы текетірес тағдыры қосымша уақытта шешілді. Матч қорытындысы - 1:0.

Финалдық ысқырықтан кейін Аргентина құрамасы төбелес шығарды. Құрама капитаны Лионель Месси жеңілістен соң көз жасына ерік берді.

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама