2011 жылдан бастап 40 мыңнан аса қазақстандық шағын несие алған

?Р денсаулы? са?тау ж?не ?леуметтік даму министрі Тамара Д?йсенова Премьер-Министр Ба?ытжан Са?ынтаевты? т?ра?алы?ымен ?тіп жат?ан ?кімет отырысы кезінде "Ж?мыспен ?амтуды? жол картасы-2020" ба?дарламасы аясында ауылдарда?ы ж?мыспен ?амту барысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрді? сайтына сілтеме жасап.
 
Министрді? м?ліметіне с?йкес, 2011 жылдан бері 41,6 мы? адам ша?ын несие алса, оны? ішінде 27,2 мы? адам к?сіпкер атан?ан. Ша?ын несие ал?андар 38,5 мы? ?осымша ж?мыс орындарын ашты.

ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкімет отырысы кезінде "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ауылдардағы жұмыспен қамту барысы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
Министрдің мәліметіне сәйкес, 2011 жылдан бері 41,6 мың адам шағын несие алса, оның ішінде 27,2 мың адам кәсіпкер атанған. Шағын несие алғандар 38,5 мың қосымша жұмыс орындарын ашты.

Тамара Дүйсенова биыл шағын несиелендіру үш сұлба бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады: Бағдарлама қатысушысы өз капиталымен немесе бар тауарымен аймақтарда құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кіреді; "Ауылда жұмыспен қамту" жобасын жүзеге асыру бойынша "Нұр Отан" партиясымен біріккен жоба. Жоба бес облыста пилоттық режимде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты - жеке қосалқы шаруашылық базасында ұсақ тауарлы өндірісті құру. Сондай-ақ, шағын несие сомасы 6 миллион теңгеге дейін арттырылған, кәсіпкерлік картасына сәйкес, шағын несие 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде беріледі.

"Осы мақсаттарға биыл 30,8 миллиард теңге қарастырылған. Осы қаражат есебінен биыл 9,1 мың адам шағын несие алып, ауылдық жерлерде шамамен 12 мың жұмыс орнын ашады", - деп ақпараттандырды министрлік басшысы.
ҚР ДСӘДМ мәліметтеріне сәйкес, бүгінде 6,4 мыңнан астам адамға шағын несие берілген, оның ішінде шамамен 4 мың адам алғаш рет өз ісін ашқан. Несие алғандардың барлығының ішінен 5 мыңнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, қалғандары - жұмыссыздар. 

Реклама
Реклама

"Шағын несие алған азаматтардың ішінен 89 пайызы несиені ауыл шаруашылығы саласына, 6 пайыз - қызмет көрсету саласына, 3 пайыз - өнімді қайта өңдеуге, 2 пайыз - басқа да салаларға пайдаланған", - деді министр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news9
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама