23 желтоқсан 2022 | 15:31

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасы жалғасатын болды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы ұзартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасы ұзартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаевтың тапсырмасы бойынша "7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын іске асыру жалғастырылады. Тиісті шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі басқармасының 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 123 Қаулысымен қабылданды", - делінген хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы бағдарлама бойынша кредиттеу үшін 100 миллиард теңгеге дейін қаражат бөлу жоспарланған. Бағдарлама бойынша жыл сайынғы кредиттеудің нақты көлемі нарықтағы банктердің нарықтық ипотекалық өнімдері мен олардың дамуына байланысты белгіленеді деп көзделіп отыр.

Реклама
Реклама

"Жеңілдетілген кредиттеумен азаматтарды көбірек қамту мақсатында бағдарламаны іске асырудың жекелеген талаптары қайта қаралды. Атап айтқанда, әрбір қарыз алушы бағдарламаға бір рет қана қатыса алады.

Бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлігінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады", - делінген ҰБ хабарламасында.

2022 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша 852,2 миллиард теңге көлемінде 64 146 жеңілдетілген қарыз берілген.

Бағдарлама жұмыс істейтін азаматтарды 20 пайыздан бастап бастапқы жарнамен жылдық 7 пайыз жеңілдетілген мөлшерлеме бойынша 25 жылға дейінгі мерзімге қолжетімді ипотекамен қамтамасыз ету үшін 2018 жылы іске қосылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная