26 мамыр 2015 11:47

Алматы метросы ашылғалы бері 23 миллион адам тасымалдады

© Роза Есенқұлова

Алматы метросы ашылғалы бері 23 миллион адам тасымалдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі хабарлады. Ұйымның мәліметінше, "Сайран" мен "Мәскеу" станциялары ашылған бір айдың ішінде метроны пайдаланатындар саны күніне 38 000 адамға дейін көбейді. Баспасөз қызметі өкілдері пойыздар арасындағы уақыт интервалын азайту мақсатында күннің әр мезгіліндегі метромен жүретін адамдар санын зерттеп жатқандарын мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram