ПОДЕЛИТЬСЯ
12 ақпан 2021 | 09:16
AsiaCredit Bank лицензиясынан айырылды
AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ-ты Агенттік Банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ-ты Агенттік Банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасының 2021 жылғы 11 ақпандағы № 22 қаулысына сәйкес AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк) АҚ-ты Агенттік Банкке банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданды", - делінген хабарламада.
Лицензиядан айыруға мыналар негіз болды:
пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) бұзу;
қадағалап ден қою шараларын жүйелі түрде (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) орындамау;
уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын Банктің ірі қатысушысының орындамауы.
Лицензиядан айыру күнгі жағдай бойынша Банк активтерінің мөлшері 45,4 миллиард теңге, несие портфелі - 45,0 миллиард теңге, оның ішінде 31,6 миллиард теңге немесе банктің несие портфелінің 70,0 пайызы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттер. Лицензиядан айырылған күні AsiaCredit Bank өтімді активтерінің мөлшері 75 миллион теңгені құрады, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдердің мөлшері 8,0 миллиард теңгеден асады.
2019 жылғы қазаннан бастап клиенттер қаражатының кетуін өтеу үшін өтімді активтердің жетіспеушілігінен Банк реттеуші белгілеген пруденциялық нормативтерді бұза бастады. Осы кезеңнен бастап Агенттік тарапынан Банкке қатысты Банктің жағдайын жақсартуға бағытталған 14 қадағалап ден қою шарасы қабылданды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 73 хаттама жасалды.
2019 жылғы қазанда Ұлттық Банк Банктің жалғыз акционері қатысты Банкті капиталдандыру жөніндегі талап түрінде мәжбүрлеу шарасын қолданды, ол шара орындалмады. 2020 жылы қанағаттанарлықсыз қаржылық жағдайының сақталуына байланысты Агенттік Банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызып, Банктен және оның акционерінен Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындауды талап етті.
Осы Жоспарды орындау шеңберінде Банк акционері 15,4 млрд теңге мөлшерінде өтімділікпен қолдауды жүзеге асырды. 2020 жылғы қаңтардан бастап 2021 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде ақшалай өтеу және активтерді клиенттік депозиттерді өтеу есебіне беру нәтижесінде Банктің міндеттемелері 21,8 млрд теңгеге азайды.
2020 жылғы қарашадан бастап 2021 жылғы ақпан аралығында Банк акционерінің қаражаты есебінен әлеуметтік маңызы бар мекемелер (мектептер мен ауруханалар) және "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ алдындағы міндеттемелер толығымен өтелді.
Банктің қаржылық жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының мерзімі 2020 жылғы 25 желтоқсанда аяқталды. Банк және оның акционері қабылдаған шаралар Банктің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға әкелген жоқ. Банк пруденциялық нормативтерді бұзуды жалғастыруда және Банк клиенттері алдындағы төлемдер мен аударымдар бойынша міндеттемелерді орындамайды. Банктің қосымша провизиялар қалыптастыру үшін қажетті меншікті капитал тапшылығы 19 млрд теңгені құрайды.
AsiaCredit Bank АҚ-та 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша
23 174 жеке тұлғаның депозиттері бар, олардың жиынтық қалдығы шамамен 19 млрд теңге. Банк салымшыларының, жеке тұлғалардың 97,7 пайызының депозиттері ҚДКҚ кепілдігімен толық көлемде өтеледі.
Агенттік Төрағасының 2021 жылғы 11 ақпандағы №51 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банктің барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік Банктің тарату комиссиясы тағайындалғанға дейін жұмыс істейтін болады. Уақытша әкімшілік жетекшісі болып Агенттіктің қызметкері Ерлан Сәрсенбекұлы тағайындалды.
2021 жылғы 12 ақпаннан бастап ҚР заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция тоқтатылды. Агенттік Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтінішпен сотқа белгіленген тәртіппен жүгінеді.
Сот Банкті мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап кредиторлардың Банкке талаптары Банкті ұстауға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да жағдайларды қоспағанда, тарату ісінде ғана қойылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также