ПОДЕЛИТЬСЯ
04 қазан 2022 | 10:29
Базалық мөлшерлеме бойынша шешім жарияланатын күн кейінге шегерілді
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жариялау күнін кейінге шегерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім жариялау күнін кейінге шегерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ұлттық банк (ҚҰБ) базалық мөлшерлеме бойынша ҚҰБ-нің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті шешім жариялайтын күнді 2022 жылдың 24 қазанынан 26 қазанға ауыстырғанын хабарлайды. ҚҰБ-тың базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдау кестесіндегі бұл өзгеріс "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңға өзгерістер енгізуге және көрсетілген кезеңде демалыс күндерінің ауысуына байланысты болып отыр", - делінген хабарламада.
ҰБ мәліметінше, Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2022 жылдың 26 қазанында Астана уақытымен сағат 14:00-де жарияланады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также