Бірыңғай QR-код іске қосылғаннан кейін кешбэк не болмақ: Ұлттық банк жауабы

Бірыңғай QR-код іске қосылғаннан кейін кешбэк не болмақ: Ұлттық банк жауабы Фото:depositphotos.com

Біріңғай QR іске қосылғаннан кейін де қазақстандықтар бұрынғыша таңдаған банкіне қарай әртүрлі кэшбэк ала береді. Сонымен қатар кем дегенде үш банк жаңа жүйені пайдаланушылар үшін арнайы адалдық бағдарламаларын әзірлеп жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біріңғай QR-кодтың енгізілуі барлық банк үшін кэшбэк есептеудің ортақ ережесі пайда болады дегенді білдірмейді. Бинұр Жәленовтің айтуынша, әрбір банк өзінің адалдық бағдарламаларының шарттарын дербес айқындауды жалғастырады.

"Біз Ұлттық банк және төлем нарығының реттеушісі ретінде тариф белгілеу мен банк пен клиент арасындағы қарым-қатынасты реттемейміз. Бұл нарықтық процесс деп санаймыз, өйткені бұл салада бәсекелестік бар", - деп түсіндірді Жәленов.

Жарнама
Жарнама

Ол банктер клиенттерге әртүрлі шарт ұсына отырып, өзара бәсекелестікті жалғастыра беретінін атап өтті.

"Әр банктің өз стратегиясы бар. Бірі шығынның белгілі бір санаттарына жоғарылатылған кэшбэк ұсынса, енді бірі транзакцияның барлық түріне стандартты кэшбэк береді, ал кейбірі адалдық бағдарламасын операция түріне қарай құрады", - деді төраға орынбасары.

Жәленовтің сөзінше, біріңғай QR-код іске қосылғаннан кейін де банктердегі кэшбэк мөлшері мен бонустық бағдарламалар әртүрлі болып қала береді. Бұл ретте кейбір банктер жаңа жүйені пайдаланушыларға арнайы ұсыныстар дайындап жатыр.

"Біздегі мәлімет бойынша, кем дегенде үш банк біріңғай QR арқылы төлем жасағанда қолданылатын арнайы адалдық бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Қалған банктерге келетін болсақ, оны уақыт көрсетеді. Меніңше, әр банк өз клиенттерін дербес хабардар етеді және тиісті хабарландырулар бүгіннен бастап шыға бастайды", - деп толықтырды Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Журналистердің біріңғай QR техникалық тұрғыдан әртүрлі банктегі әртүрлі кэшбэк мөлшерін қолдай ала ма деген нақтылаушы сауалына Жәленов оң жауап берді.

Бірыңғай QR-кодты іске қосу

19 шілде Қазақстанда бірыңғай банкаралық QR-төлем жүйесі толыққанды жұмыс істей бастайды. Сатып алушылар сатушыда қай банктің QR-коды тұрғанына қарамастан, кез келген банк қосымшасы арқылы тауар ақысын төлей алады. Банктерді жүйеге кезең-кезеңімен қосу 7 шілдеде басталды.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов біріңғай QR іске қосылғаннан кейін кәсіпкерлер кез келген банк клиенттерінің төлемдерін бір POS-терминал арқылы қабылдай алатынын хабарлаған болатын. Бұл ретте терминалдар саны мен қызмет көрсету шарттары туралы шешімді әрбір бизнес иесі өз бетінше қабылдайды, өйткені банк тарифтері нарықтық деңгейде қалады.

Тағы оқыңыз: “QR-шмюарыңызды білмеймін“. Сүлейменов картамен төлеу туралы пікір білдірді

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама