"Даму" Қоры "Қазкомерцбанкке" 1 миллиард теңге несие желісін ұсынды

© rockinghamlandtrust.org

"Даму" ?оры "Алматы Инновациялар" ба?дарламасын ?аржыландыру ?шін "?азкомерцбанкке" 1 миллиард те?ге несие желісін ?сынды, - деп хабарлайды ?орды? баспас?з ?ызметі.

"Даму" Қоры "Алматы Инновациялар" бағдарламасын қаржыландыру үшін "Қазкомерцбанкке" 1 миллиард теңге несие желісін ұсынды, - деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Бұл қаржының тең жартысы "Даму" Қорының өз қаражаты болса, қалған соманы Алматы қалалық әкімшілігі бөлген. Нәтижесінде "Алматы инновациялар" бағдарламасын қаржыландыруға қажетті 1 миллиард теңге қор құралды.

"Даму" Қоры 500 миллион теңге көлеміндегі бірінші траншты "Қазкоммерцбанкке" аударып қойды. Шарт бойынша банк 6 айдың ішінде Алматы қаласының шағын және орта кәсіпкерлерін "Алматы инновациялар" бағдарламасы аясында қаржыландыра бастауы керек. Негізгі талаптар: Кәсіпкерлер үшін белгіленген жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 8,5 пайыз; Бір адамның қолына 100 миллион теңгеден аспайтын сома тиеді; Жаңа құрал алып, негізгі жабдықтарды жаңарту және айналым қаражатын толықтыру үшін 84 айға дейін беріледі. Қаражат Алматы қаласында ресми тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қаржыландыруға ғана бөлінеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, "Алматы инновациялар" бағдарламасына Өңдеу өнекәсібі, Ақпарат және байланыс, Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет салалары кіреді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама