18 желтоқсан 2019 09:32

Елімізде ең көп банкомат қай өңірде?

Фото gs24.pl сайтынан

Қазақстанда ең көп банкомат Алматыда қойылған. Оңтүстік астанада қазір екі мыңнан аса банкомат бар, - деп хабарлайды Ranking.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда ең көп банкомат Алматыда қойылған. Оңтүстік астанада қазір екі мыңнан аса банкомат бар, - деп хабарлайды Ranking.kz.

2019 жылдың қарашасындағы есеп бойынша, елімізде банкоматтар желісі 8,3 пайызға өскен. Қазір Қазақстанда 11,7 мың банк құрылғысы бар. Бұл банкоматтардың 39,3 пайызында қаражатты алып қана қоймай, ақша салуға да болады. 

Реклама
Реклама

Биыл Алматыда 359 банкомат қойылған, қазір оның саны 2,2 мыңға жетті. Ал Нұр-Сұлтанда банкоматтар саны 240-қа азайған. Қазір елордада 1,4 мың банкомат бар. 

Үздіктер қатарына Қарағанды облысы кіреді: мұнда 977 банкомат бар. Биыл Қарағанды облысында 149 құрылғы қойылған. Еліміздегі банкоматтардың 30,9 пайызы осы үш аймақта тіркелді. 

Естеріңізге салсақ, Қазақстанда қазір 27 банк жұмыс істеп тұр.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram