ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2024 | 17:00
Есепшінің қателіктері: кілтсөздер мен құпияларды қорғалмаған жерде сақтау
Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын ұсынады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Tengrinews Halyk Bank-пен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес сегментіндегі ең көп таралған алаяқтық түрлері туралы материалдар топтамасын ұсынады. Біз бизнесіңіздің қалай қауіпке ұшырауы мүмкін екенін, қауіпсіздік ережелерін елемеудің қандай тәуекелдерге соқтыратынын және олардан сақтану жолдарын айтып береміз.
Соңғы зерттеулерге сәйкес, бүкіл кибершабуылдардың шамамен 60 пайызы шағын және орта бизнеске жасалады. Олардың үштен бірі адами фактор кесірінен, атап айтқанда, есепшілер мен басқа да қызметкерлердің қателіктеріне байланысты іске асып жатады. Әсіресе, кілтсөздер мен құпия ақпараттың сақталуына немқұрайлы қарау – аса қауіпті. Әрбір екінші бизнес кибералаяқтардың құрбанына айналып жатқан жағдайда бұл қателікті түсіне біліп, алдын алған өте маңызды.
Қателіктердің мысалдары
1. Кілтсөздерді қағазға жазып қою: Есепшілердің көбісі әдетіне қарай немесе өздеріне ыңғайлы болуы үшін кілтсөздерді стикерге жаза салып, жұмыс үстелінде немесе тартпасында сақтайды. Алаяқтар мұндай "құпия" жерлерді оп-оңай тауып алады.
2. Барлық есеп жазбаларына бірыңғай кілтсөз қою: Жүйелер мен сервистердің барлығы үшін бір кілтсөзді қолдану желідегі алаяқтардың жұмысын жеңілдете түседі. Бір құпия сөзіңізді біліп алса, қаскөй барлық деректеріңізге қол жеткізе алады.
3. Жаңарту жасамау және білімнің жеткіліксіздігі: Алаяқтардың жаңадан шыққан айла-тәсілдері туралы хабарыңыз болмаса, оған қоса, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту жағын елемесеңіз, жүйелердің осал тұсы сол болмақ.
Сақтану жөніндегі кеңестер
1. Кілтсөз менеджерлерін пайдаланыңыз: Мұндай бағдарламалар кілтсөздерді қауіпсіз түрде сақтауға және басқаруға мүмкіндік береді, оларды басты кілтсөз арқылы қорғап тұрады. Мұның арқасында құпия сөздерді қағазға жазудың қажеті болмайды.
2. Ерекше, әрі күрделі кілтсөздер ойлап табыңыз: Әр есеп жазбасы үшін кіші және бас әріптер, сандар мен арнайы символдардан тұратын бірегей күрделі кілтсөз жасалуы тиіс.
3. Бағдарламалық жасақтаманы жүйелі түрде жаңартып тұрыңыз: Үнемі жаңартып отырудың арқасында алаяқтар шабуыл жасау үшін пайдаланып қалуы мүмкін осал тұстарды жоясыз.
4. Қызметкерлеріңіздің білімін жетілдіріп тұрыңыз: Жүйелі түрде оқыту және қауіп-қатерлердің жаңа түрлері мен олардан қорғану әдістері туралы хабардар ету тәуекелдерді барынша азайтуға септігін тигізеді.
Қауіпсіздік ережелерін елемеудің салдары ауыр болуы мүмкін:
Қаржылай шығындар: Компанияның банк шоттарына қол жеткізген алаяқтар қаражатты қолды қылып, қыруар шығынға соқтыруы мүмкін.
Құпия ақпараттың таралуы: Коммерциялық құпия мен клиенттердің деректері бәсекелестердің немесе алаяқтардың қолына түсуі мүмкін, бұл компанияның беделіне нұқсан келтіріп, оған деген сенімді азайтады.
Заңға байланысты салдары: Деректерді қорғау туралы заңның бұзылуы айыппұлдар мен істің сотқа жетуіне әкелуі мүмкін.
Деректердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау — бизнестің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Ақпаратыңызды бүгіннен бастап сенімді қорғаңыз!
Серіктестік материал
Показать комментарии
Читайте также