ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қазан 2022 | 09:57
Ғалым Хұсайынов Банк ЦентрКредит басшысы қызметінен кетті
Ғалым Хұсайынов Банк ЦентрКредит басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ғалым Хұсайынов Банк ЦентрКредит басқарма төрағасы қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Банк ЦентрКредит басқармадағы жоспарлы ротация аяқталғанын хабарлады.
"Банк ЦентрКредит" АҚ директорлар кеңесі Ғалым Хұсайынов басқарма төрағасы қызметінен кеткені туралы хабарлады. Ғалым Хұсайынов жұмыс барысында қаржы институтының дамуына үлкен үлес қосты. Директорлар кеңесі Ғалым Хұсайыновқа жұмысы үшін алғыс айтып, алдағы жобаларында жаңа табыстар тілейді", - делінген хабарламада.
Директорлар кеңесінің шешімі бойынша, Руслан Владимиров басқарманың жаңа төрағасы болып тағайындалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также